ШАЛҒАМ

lat: SHALǴAM

зат. бот. Бағалы көкөніс ретінде жеуге жарамды бірінеше сорты бар орамжапырақ туысына жататын бір не екі жылдық шөптесін өсімдік.

Шалғамның көгі пайда болысымен дереу топырақты қопсыту және арам шөбін отау басталады (Овощ өсіруші.).

Тамыр жемістері бар өсімдіктерге қызылша, сәбіз, шалқан, түржепе, шалғам, шомыр және осы сияқтылар жатады (Т.Мұсақұлов, Ботаника).

Ішке қарай өттік. Ұзындығы үш-төрт қадамдай, ені бір-екі қадамдай ғана танаптарда қызанақ, шалғам, аскөк, жасылша, қияр, сарымсақ, пияз, сәбіз, тағысын-тағы көкөністер желкілдей өсіп үлгеріпті. Құлпынай құлпыра гүлденіпті. Аскөгіңіз бен жасылшаңыз және шалғамыңыз молынан пайдаланыла бастапты (“Егемен Қазақстан”).