ШАЛҒЫНДЫ

lat: SHALǴYNDY

сын. Шалғыны мол, шалғын қалың өскен.

Кентау қаласы адам күшімен көп ағашты, көк шалғынды қалаға айналған (Ә.Шәріпов, Алыс.).

Қопа кең шалғынды, жылып аққан мол сулы, мөлдір бұлақты және тауға қараған төрінің көбі тал, терек, жасыл, әсем жас тоғай (М.Әуезов, Таңд. шығ.).

Көк шалғынды далада,

Биені сауып желілеп.

Келіндер жүр көңілді,

Көйлегі жасыл көбелек (О.Шипин, Өмір өрнегі).