lat: SHALǴYSH
зат. 1. Алдыға байлайтын белдемше, алшалғыш.
Аққұба келіншек алдына шалғыш шалып, бие сауып жатыр (I.Жансүгіров, Шығ. жин.).
Алдына шалғыш байлаған, ұзын бойлы, мұртты ұйғыр (Қ.Жұмаділов, Соңғы.).
2. кәс. Балықшылардың алжапқышы.
Асманды тасығанда алдымызға шалғыш байлаймыз (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі).
3. зат. жерг. Суықтан қорғау үшін байланатын мата.
Інгеннің арты желқобыз болмас үшін артына шалғыш тартып қойған (Монғол экспедициясы матер.).