lat: SHAMASY
мод. Бір нәрсенің мөлшері, нобайы, болжамы.
«Онда мен, патша қызын аламын!»–деп,
Көңіліне біразырақ тұрды ойланып.
Шаһардың сұлтанына барды ертең,
Шамасы шыққан күндей бұлттан жарып.
Жай-жағдай бөтен түрлі жалтармай-ақ:
«Тек, маған қызыңды бер»,–деді барып (О.Шораяқов, Шайыр.).
Жымиды ішіндегі аққұбасы,
Шамасы, осы келген топтың басы,
Сөз айтып ақылдасқан, мақұлдасқан
Жөнелді жағдайымның көп куәсі (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
Аңшылардан, шамасы,
Аузың күйген еліксің.
Аға ғой деп жанашыр
Ақыл сұрай келіпсің (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).