lat: SHAMASYNDA
үст. Белгілі бір уақыт мөлшерінде, сол кезде.
Алты ай шамасында бұл хайуанат ит тәрізді адамға солай үйреніп кеткен (Қазақст. аң байлығы).
Екі-үш ай шамасында ол орысша еркін сөйлейтін болды (Б.Соқпақбаев, Қайдасың.).
Жігіт жас, орта бойлы, қыр мұрынды, толық, аққұба, әдемі, жасы 22 шамасында (С.Ерубаев, Шығ.).