ШАМАСЫНША

lat: SHAMASYNSHA

үст. 1. Әлі келгенше, күші жеткенше.

Шанадан түсіп, шамасынша тағы жаяу қыбырлайды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Тік түрегеліп торды ұстап, өз шамасынша тартып қарады (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).

2. ауыс. Хал-қадірінше, мүмкін болғанынша.

Айша шамасынша барын аямай асып, ағасын күтіп жатыр (С.Шарипов, Бекболат).

Шамасынша өз көмегін Базаралы да атаған еді (М.Әуезов, Абай).