lat: SHAMASYZ
сын. 1. Әлсіз, дәрменсіз; қауқары жоқ.
Есі ауа толықсып, екі-үш аттауға дәрмені әзер жеткен Дәлел өзінің осыншама шамасыз әрі шарасыз бейбақтығына күйініп, көзінен жас құйылып кетті (З.Жәкенов, Таң самалы).
Затсыздан күтпе жақсылық,
Не айтарын білмейтін.
Шамасыз шалғай шарқыдан,
Екі елі аузын жаппайды.
Айтқаны өсек балшылдан,
Тентектің жайы белгілі
Асау нардай тарпыған (Базар жырау, Шығ.).
Қайта біздің қолымыздан келетін кейбір істерге еркек шамасыз (Қ.Исабаев, Өрде).
2. ауыс. Амалсыз, айласыз, шарасыз.
Кейбір шамасыз, әлсіз басшылардың жас кадр көрсе, өз орнын алып қояды деп жанұшырып, әлгілерді жаныштап тастайтын әдеті бар еді (Ж.Молдағалиев, Ескі дос).