ШАМЫРҚАН

lat: SHAMYRQAN

ет. Сілкіну, күш жию, шамырқану, ашулану.

Жердің көркі кірмейді

Қара құрттай қаптаған,

Иірсең еріп жатпаған,

Ызғып жатқан малдан соң.

Көк алалы көп жылқы,

Оның да сәні болмайды,

Шамырқанған тал түсте

Шалқып жатқан көлден соң.

Жел сөзбенен көңіліңді

Көтерейін, бектерім,

Сағынысып сендерді

Көптен бері көрген соң (Базар жырау, Шығ.).

Көп болыпты,

Әлі де көп барыстар.

Қатысты емес оларға дағдарыстар.

Шамдандырып алмасаң,

Шамырқанып

Шабуылға шықпайды жолбарыстар (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Қыздың сөзі шамына тиіп, шамырқанып тұрған Айбек бірақ жіби қоймады. Мұндай сәтте тәуекелге бел буғысы келіп, шамырқанып кетеді (Б.Мұқаев, Жалғыз жаяу).

Ақырып арыстандай, ашу кернеп,

Айтқан соң, жаның барда тауып бер, деп,

Салдырған зынданына әкелді ол,

Шаң жұтып, шамырқанып, шаршап, терлеп (Т.Ізтілеуов, Рүстем дастан).