lat: SHANA
зат. Жүк тасуға арналған қар үстінде сырғанайтын, көлікке жегілген, трактор, мәшинеге тіркелген қос табанды сүйретпе.
Күзетші үшін ол жерде жазда көлеңке, қыста трактор шанасына орнатылған ағаш үй болуы тиіс (Ә.Әбішев, Мал дәрігер.).
Кез қайда домалайтын сол шанадан,
Ақсам да бұл күндері шаршап ағам.
Күйсем де күйдім арман отына мен,
Түйсең, де қабағыңды қанша маған (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
Шананы тек қыста, жерде қар болғанда ғана пайдаланады. Арба сияқты шананың да күймелі және жадағай түрі бар (ҚҰЭ).
Шанаға көп жүк сыю үшін шананың жақтау ағаштарынан 30 см-дей шығып тұратындай етіп кең қанат байланады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).