ШАПАН

lat: SHAPAN

зат. этн. Астарына жүн не мақта салынып, сыртын шұға, барқыт сияқты матамен қаптаған, іші астарланған кәделі киім.

Ат, айғыр айдаушы еді, атан алып,

Мата мен қайтуші еді шапан алып.

Қонаққа қой орнына тайын сойып,

Деуші еді: «Пәлен мырза атаналық..!» (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).

Шалғайдан жүрген жолаушым,

Шамданба, бізге соға кет.

Шаршаған, мүмкін, боларсың,

Шапаның шеш те, қона кет (М.Мақатаев, Шығ.).

Келсеңіз,

Тізе бүксеңіз,

Жетеді маған ақ бата.

Маған деп шапан тіксеңіз,

Оған да кетпес көп мата! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Шапанның дәстүрлі пошымы ұзындығы тізеден сәл төмен, жеңі қолды жазып тұрғанда саусақ ұшын жабуы керек. Алдыңғы екі өңірі мен жағасы ойып пішіледі, жеңінің екі беті тұтас қиылады (ҚҰЭ).