lat: SHAPQYNSHY
зат. Басқа бір елді немесе мемлекетті күштеп жаулап алушы, басқыншы.
Қарабас шалғын сылаңдап,
Сипаса жалын, бауырын.
Шапқыншы сона жүр аунап,
Майдан қып аттың сауырын (М.Мақатаев, Шығ.).
Шапқыншылар бұл өңірдегі елдерді дүркін-дүркін күйзелушілікке ұшыратып отырды (Н.Баяндин, Геогр. ашу.).
Осы бекініс талай шапқыншылардың бетін қайтарып, жаулардың жазасын берген деседі (Қ.Тұрсынқұлов, Алыста.).