ШАПҚЫНШЫ

lat: SHAPQYNSHY

зат. Болған істі, уақиғаны жеткізетін, айтатын хабаршы.

Асыдан түнде шығып шапқан шапқыншы, хабаршы да келіп жетіп еді (М.Әуезов, Қилы.).

Алпысбай жатқан ауылға шапқыншы болып кісі келді (М.Дәулетбаев, Қызылжар).

Шапқыншылар жіберіліп, хабарланған көрші ауылдардың адамдары да келе бастаған екен (I.Есенберлин, Қатерлі.).