ШАПҚЫНШЫЛЫҚ

lat: SHAPQYNSHYLYQ

зат. Басқа елдің жерін басып алу үшін жасалған қарулы шабуыл, басқыншылық.

Ыбырайға анасы жоңғар шапқыншылығы туралы әңгімелерді көп шерткен (М.Ақынжанов, Қаз. ағартушы.).

Жау найзасын да, балтасын да сермейді, садағын да сілтейді, міне, мұны шапқыншылық деп атайды (Ә.Нұршайықов, Батыр.).

Шапқыншылық бір елдің жерін, дүние-мүлкін тартып алып, халқын құлдыққа түсіру үшін екінші бір елдің жасайтын қарулы шабуылы (ҚҰЭ).