ШАРШАУ

lat: SHARSHAÝ

зат. психол. Ұзаққа созылатын және қарқынды жұмыстың салдарынан ағзаның жұмыс қабілетінің төмендеуіне байланысты функциялық жағдайдың уақытша пайда болатын ерекше түрі.

Көп жағдайда шаршауды қажу ұғымының синонимі деп қарастырады (ҚҰЭ).

Үмітті де үнсіз қабылдап

Жігіттік жыным қозбай ма?

Болады шаршау, қиналу,

Кездессе асу тік кейде.

Үлбіреп тұрған бір ару

Үмітпен мені күтпей ме?

Үйлесім таба алмаған соң

Үйімнен қане шық дей ме?! (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

Шаршау бір сарынды әрекетті ұзақ уақыт орындау кезінде де пайда болуы мүмкін (Қаз. тілі термин. Педагогика.).