lat: SHARSHAÝ
зат. жерг. 1. Терезе пердесі.
Терезенің шаршауын бір жағына сырып қойшы (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).
Терезелердің шаршаулары түсіріліп, форточкалары жабылыпты (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).
2. Үйдің бір жағын бөліп тұратын перде.
Төсек орын, құс жастық, жібек шаршау шілтерлер де көп (М.Әуезов, Абай жолы).
3. Шымылдықтың балдағы.
Шымылдыққа шаршау істелді (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).