ШАРЫҚТАУ

lat: SHARYQTAÝ

 Шарықта етістігінің қимыл атауы.

1. Жоғарылау, биікке самғау.

Қыран бүркіттің шарықтауына ере алмайтын құзғын тәрізді бұлар да қапталдасып, тайталасып қалмай қояды (С.Талжанов, Адам тур.).

Қалықтаудан, шарықтаудан талмаған

Сәнің қайда, әнің қайда самғаған.

Ал мен кеттім, бәлкім, мәңгі көрмеспіз

Күліп тұрып, қолың бұлғап қал маған (М.Шаханов, Ғасырлар.).

2. ауыс. Өрлеу, даму, қанат жаю.

Творчестволық шарықтау мен өрлеудің мұрагерлері бүгінгі сәбилер (Бағың ашылсын).

Уақыт бізді боран болып үйірді.

Үйірді де асығындай шиырды.

Қиындық та,

Шарықтау да,

Өлім де

Бірінші боп Төлегенге бұйырды! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Өнерсіз шарықтау жоқ ала бөтен

Өнерсіз ой қанаты талады екен (М.Шаханов, Ғасырлар.).