lat: SHASHTY
сын. Шаш қойған, шашы бар.
Машинада төрт адам бар екен. Шоферы бар ақ сары шашты жігіт (Т.Жармағанбетов, Соңғы хат).
Ару болшы тәкаппар да, ұяң да,
Алқызыл бір гүлдер төксін күнде ернің.
Күйкі істерден кіргеніңше қиялға,
Қоңыр шашты ақ қудай қып үлгергін (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).
Етегінен тартып екі ұл ілескен.Томпақ бет, үрпек шаштысын Асаналы да, кішісін Бейсаналы деп таныстырды (Ж.Сатаев, Құйын).