lat: SHEF-MONTAJ
зат. Жабдық жеткізу мен құрастыруды жеткізуші тарапынан қадағалау, бақылау және ұйымдық-техникалық басқару.
Әдетте, күрделі өндірістік жабдық (конвейерлер, диірмен кешендері, металл қақтама жабдық, т.б.) жөніндегі өзара шарт бойынша пайдаланылады. Шеф-монтаж құны ескертпе шартымен жабдықтың құнына енгізілуі мүмкін (Қаз. тілі термин. Экономика.).