ШЕГІРТКЕ

lat: SHEGİRTKE

зат. Шырылдақ дауысты секіріп жүретін қос қанатты жәндік.

Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөләйттап,

Қызықпен жүріп жазды алған (Абай, Өлеңд.).

Басып тұр шегіртке шырылға,

Күнгейде гүл қалың, шөп ыстық.

Ат үсті кездестік. Ырымға

Сөз айтпай өбістік (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).

Ақтың әскері басқан жерге шегіртке жайлағандай, бүйі тигендей болды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2.зоол. Қысқа мұрттылар тармағында жататын тұқымдастар бөлігі.

Қырғауылдың адамға келтіретін пайдасы көп. Ол арам шөптің дәні мен зиянды насекомдар және шегірткелермен қоректенеді (Ж.Әбиев, Биология.).