ШЕГЕЛЕУЛІ

lat: SHEGELEÝLİ

сын. Шегелеп қойған, бекітулі, шегеленген.

Кердең басып, шеркеуге жақын барды,

Қалтадан бір теңгелік күміс алды.

Есікте шегелеулі құлыбы бар,

Бір сандық бар, барды да соған салды (Абай, Тол. жин.).

Ерке тоқал екі қолы майысыпШыңғыстың иығынан шапанын шешіп алды да, оң жақ қабырғада арқардың маңдай сүйегімен тұтас шегелеулі тұрған екі мүйізінің біреуіне апарып ілді (3.Ақышев, Жаяу Мұса).