ШЕГЕРІМ

lat: SHEGERİM

зат. экон. Тауарды сатушы өткізім нарығын кеңейту және сату көлемін ұлғайту, жекелеген шығынды жабу мақсатымен түрлі сатып алушыларға кеңшілік жасайтын сома.

Шегерім мөлшері мәміленің сипатына, жеткізілім мен төлем шарттарына, сатып алушылармен өзара қарым-қатынасқа, мәміле жасасу сәтіндегі нарықтың жағдайына байланысты (ҚҰЭ).

Ішкі және халықаралық сауда тәжірибесінде шегерімнің 20-ға жуық түрі пайдаланылады (ҚҰЭ).