ШЕК

lat: SHEK

1 зат. сөйл. Ішек.

1. Қой, ешкінің

....Қара қойдың шегін ызып

Перне таққан, қазағым.

Көрші үшін көңіл бұзып

Шерге батқан, қазағым (С.Мәуленов, Алыс кет.).

2. Домбыраның....

Сұңқылдап отыр домбырам,

Сартылдап мұның қақпағы,

Айтқан сөзге түсінбес

Адамның мисыз ақымағы.

Домбырам отыр қағынып

Он екі перне, екі шек

Бауырына тағылып.

Қоянға қосқан тазыдай

Бүктетіліп жазылып (Базар жырау, Шығ.).

3. Гитараның...

Гитарыңның шектерінен

Ғажайыпты үн келер.

Жастық шақтық көктемінен

Жазғы тасқын жыр келер (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Гитарыңның шектерінен

Сиқырлы үндер сыңғырлар.

Көзін қадап, өткен күннен,

Күлімдер бір сүйген жар (С.Мәуленов, Алыс кет.).

4. ауыс. Домбыра.

Күй атаулы ғажайып,

Сөкпе күйді,

Шертпе,төкпе

Екі тал шекке сыйды.

Үрке қашқан жылқыдай Дүркіреген

Сүйемін мен дүбірлі, төкпе күйді (К.Салықов, Жезкиік.).