lat: SHEK
2зат. 1. Бір нәрсенің жеткен жері, аяқталып таусылар шекарасы.
Арманың ада болмас арна сенің,
Туған жер, сірә сенің бар ма шегің?!
Сен үшін қызыл аяқ қырды кезіп,
Жалаң аяқ жар кешемін (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).
Балалық нешік болмақ-тұр?
Оның шегі он бес жыл,
Бұл сөзімді аңдап тұр!
Жігіттік баста тұрмайды,
Ол да бізді алдап тұр (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).
2. Белгілі мөлшер, шама, меже.
Мұнда жоқ кінә-кек деген,
Мұнда жоқ шет пен шек деген.
Сан бақыт мұнда бүршіктеп,
Сан мұрат мұнда көктеген (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).
Ағайындар бұл жолы шет жайылмай,
Сөз байласты тек пенен шекті айырмай.
Омыртқасын жауының опыруға,
Атқа мінді жігіттер соқтауылдай (С.Мәуленов, Алыс кет.).
3. матем. Математиканың негізгі ұғымдарының бірі.
Шек ұғымы алғаш рет О.Коши еңбектерінде қолданылады (ҚҰЭ).
Тізбек пен функция шектерінің теориясы Б.Больцано мен К.Вейерштрасстың еңбектері негізінде қалыптасты (ҚҰЭ).