ШЕК

lat: SHEK

3 зат. діни. Құрбан айттың алдыңғы күні өлген туыстарына арнап беретін ас.

Үлкен ұлы Тарпаң жыл сайын мені шақырып, әкесіне шек беретін (Қазыбек бек).

Жаралған түп-түгел боп, жоқ боп міні,

Аққудай саңқылдайды шыққан үні,

Отырды үй үстінде бір күн бала,

Қазақша шек, ертең айт деген күні (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).