ШЕК

lat: SHEK

ет. 1. Бір нәрсеге өрнек түсіру, кестелеу.

Ұлы шешесі немересіне алтынмен шеккен тақия берген (М.Дулатов, Шығ.).

Шегіп шымқай өрнекті

Ертеңгілік, кеште де,

Сыйғызасың жер-көкті

Шәйі-жібек кестеңе (С.Мәуленов, Алыс кет.).

2. Темекіні ішке қарай тарту, сору.

Ұры да бар...

Есікті құлыптарсың.

Ол ғой кілтке кіріптар,

Біліп барсын.

Іштің екен араққа,

Айналайын,Шектің екен шылымға кіріптарсың! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

Мен сыртқа шығып, шылым шегіп отырдым (У.Уайдин, Ендігі.).

Жігіт екі қалтаға қолын кезек сұғып бірінен темекі, екіншісінен шақпақ шығарып, темекі тұтатып шекті (Ж.Тұрлыбаев, Телқоңыр).