ШИЕ

lat: SHIE

1зат.бот. <лат. cerasus> Басына қызыл түсті жеміс өсетін ағаш және сол ағаштың домалақ жемісі. Ішкен мас, жеген тоқ боп журуші еді, Түзеліп бозбаланың саяхаты.

Бүлдірген, шие тере кетуші еді, Қыз-келіншек мырзалардың жамағаты (М. Дулатов, Шығ.). 

2. Раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағаштарының туысы.

Қазақстанда кәдімгі шие өсіріледі. Сондай-ақ дала шиесі, түкті шие және Тянь-Шань шиесі мәдени өсімдікке айналдырылуда (Қаз. тілі термин. Тамақ.).