ШИЕ

lat: SHIE

2зат.1. Арқан-жіптерді шешілместей етіп байлаудың түрі.

Көптен шие боп қалған бауын үзіп жіберіп, тымағын жұлып алғанды қолына (З.Ақышев, Ақбел.).

2.ауыс. Шым-шытырық шатақ, шешілмес түйін.

Тіршілік ісінің парқын айыру, мәнісін білу ұйысқан жіптің ұштарын табу сияқты, қайдан басталып, қайдан тоқтайтынын бірте-бірте арасын ашып, шиесін шешіп барып таппасаң, бірден таба алмайсың (А.Байтұрсынов, Шығ.).