ШОҚТЫҚ

lat: SHOQTYQ

зат.1. Малдың екі иығының түйіскен жері, басы; иықтық.

Жылқының қыр арқасын, әсіресе шоқтығын баспайтындай етіп, оқпанды биіктеу, көтеріңкілеу жасалады (X. Арғынбаев, Қаз. ер.).

Жауыр көбінесе жылқыда және басқа жұмыс малдарының шоқтырында, иығында, арқасында болады (Ә. Әбішев.., Мал санитары.).

Бір қорада шоқтығы шодырайған қара сиыр шөп жеп тұр (Қ. Сатыбалдин, Қараторғай).

2.ауыс. Таудың, төбенің ең биік жері, ұшар басы.

Ертістің басталатын жерін шешуге талай саяхатшылар аттанса да, биік таудың шоқтығына шығып, басталатын жерін дұрыс көрсете алмады (Н. Баяндин, Өзен алқабы.).