ШОҚТЫҚТАН

lat: SHOQTYQTAN

ет.1. Биік болып, бөлектене көріну, ерекшелену.

Көп олонхоның ішінен ерекше шоқтықтанып көрінетін көлемі де, көркемдігі де өзгеше бір халықтық дастан бар (Р. Бердібаев, Достық.).

Ежелгі Қаратаудың ортан беліндегі «Көсегенің» көк жонынан көз салсаңыз құбылада «Мыңжылқы» шоқтықтанып тұрады (Ер есімі.).

Сіздің шығармаңыздағы әлеуметтік тақырып осы өлеңіңізде шоқтықтанып, жандана түскен (I. Омаров, Шабыт.).

2.ауыс. Мерейі өсу, еңсесі көтерілу.

Баласының бітіру құрметіне болған салтанатты кештерге барған ата-ананың еңселері көтеріліп, шоқтықтанып қайтатын (О. Сағынаев, Ұзақ.).