lat: SHOQTYQTY
сын.1. Шоқтығы шығыңқы.
Әр ауылдың дәмелі жігіттері, таңдап мінген салпы ерін, қоян жақты, бұқа мойын, бітеу шоқтықты, қақпан бел, жалпақ сауырлы, күлте шаша, қақпақ тұяқ сом аяқты, жал-құйрығы қаба, ұзын жатаған аттарымен қоса қайысып, ..үзеңгілері қақ айрылардай табандаса тартысып жатқанда Мамай әлі ерте екенін біле тұра, жүйріктер айдалған жаққа қарайлай берген (М.Мағауин, Таңд.).
2.ауыс. Шоқтығы биік, ерекше.
Т.Молдағалиевтің «Заулайды күндер» жинағы тақырыптың, ауқымы жағынан болсын, өлеңдеріндегі көркемдік сапаның жоғарылығы жағынан болсын шоқтықты, айрықша туынды (Ж. Әбдірашев, Парасат.).
Сәкеннің ғылыми, сын еңбектерінің ғана емес, бүкіл қазақ әдебиеттануының шоқтықты шығармасы 1932 жылы жарияланған («Білім және еңбек»).