ШПИЛЬ

lat: SHPIL

[нем. Spіlle] зат.сәулет. Ғимарат төбесіне орнатылған конус немесе пирамида іспетті, ұшар басы сүйірленіп келген сүмбі.

Шпильдің ұшар басына жалау немесе мүсіндік бейне (мыс., Санкт-Петербург Адмиралтействосы Ш-індегі кеменің мүсіншесі, жалпы биікт. 72,5 м; Петропавл қамалы соборының алтын жалатқан Ш-і, биікт. 122, м), кейде оймыш белгі орнатылады (ҚҰЭ).