ШТРИХ-КОД

lat: SHTRIH-KOD

зат. Техникалық құралдардың көмегімен оқылатын белгілі бір ақпараттары бар, тік сызық түріндегі ақ және қара жолақтар тізбегі. Штрих-кодты әсіресе алуан түрлі көп ақпаратты автоматтандырылған өңдеуден өткізуде пайдаланған тиімді («Егемен Қазақстан»). Штрих-код жеке куәлікке жапсырылады және штрих-кодтың беті мөлдір жабысқыш лентамен қапталады («Егемен Қазақстан»).