lat: SHUǴA
зат.1. Жұмсақ майда түкті жүн мата.
Абай үстіне бешпет, шалбар, сыртынан ұнамды күрең шұғамен тыстатып жеңіл, жылы, кең күпі киген (М.Әуезов, Абай.).
Тоғыз қанат шаңқай ақ үй, түндігінің бұрыштарына дейін қызыл шұғадан ою бастырған (Ғ.Мұстафин, Өмір.).
Енді өзіміздің ұйымсыздығымыздан тегін бостандық жемісінен пайдалана алмасақ, «аспаннан шұға жауғанда ұлтарақ тимеген құл» біз болмаймыз ба? (М.Дулатов, Шығ.).
2.ауыс.Ұлпа қар.
Бағана Марфуға басқармадан таяудағы тәулікте өздері жүретін аймақта қар жаууы ықтимал деген мәлімет алған. Өзен бетінде қазірдің өзінде шұға бар (К.Юсупов, Қарашадағы көктем.).