lat: SHUǴYLDANÝ
Шұғылдан етістігінің қимыл атауы; Айналысу, бір істің соңына түсу.
Жұмыс істей жүріп, ғылыммен шұғылдану, әрине, оңай емес («Қазақст. әйелдері»).
Ал суармалы егіншілікпен шұғылдануға су жетпейді (Е.Жамалбеков, Түлеген түбек.).
Бұл іспен шұғылдану майор Алпысов, аға лейтенант Қайдаров екеуімізге жүктеледі (Қоғамдық тәртіп сақшылары).
Сендердің өмірлеріңізді сақтаймыз, басқа істермен шұғылдану үшін, оккупанттарға қарсы күресте біздің жалпы күресімізге көмектесу үшін сендерді босатамыз (Қ.Қайсенов, Жас партизандар.).