ШҰҒЫЛДАНУШЫ

lat: SHUǴYLDANÝSHY

зат. Белгілі бір іспен айналысатын адам.

Оралхан Бөкеев өзінің сөзінде бізде театр теориясымен шұғылданушылар аздығына, театр институтының жас түлектерді тәрбиелеудегі көкейкесті мәселелеріне тоқталып, С.Жүнісовтің тарихи-драмалық тақырыптағы пьесасына тағы бір оралуы керектігін айтты («Қаз. әдеб.»).

Ақыл-ой еңбегімен шұғылданушы адамдарға жақсы қалыптасқан берік сүйек-ет системасы болудың өажеті жоқ дейтін сияқты көзқарастан бас тарту керек (Р.Гарибьян, Адам анатомиясы.).

Демек, бұл аудандарда кітап саудасымен арнайы шұғылданушылар жоқ («Қаз. әдеб.»).