ШҰНАҚ

lat: SHUNAQ

сын.1. Құлағының ұшы кесілген я жабысып біткен.

Оң жақ шұнақ құлақ соңғы айқастан қалған белгі (М.Мағауин, Ақша қар).

Атасының сөзіне шұнақ құлақ, бидай өңді бала үнсіз езу тартты (Н.Қазыбеков, Шалғайда.).

Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жар қабақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).

2.ауыс. Келте, қысқа.

Табадағы қызыл шоққа бөксесін тығып, ызыңдай әндеткен шұнақ шүмек жез шәйнектің күрең шайы күні бойы дамыл көрмеген құдықшының денін жайып барады (Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ.).

Семіздің майын, арықтың қанын сорамын дейтін кәдуілгі шұнақ аяз шыдап бақ дегендей, сақылдап тұрып алды (Д.Қонаев, Өтті дәурен.).