lat: SHUNAQTAÝ
сын. Құлағының қалқаны кішілеу; келтелеу, қысқалау келген.
Ойдағы мақсаты орындалғанға санап, іштегі шексіз қуаныштан сәл шұнақтау қалың құлағына дейін дуылдап күйіп кеткен Құлжабай «енді қайтып шықпайсың!» дегендей, машина есігін өз қолымен тарс жапты (Е.Мырзахметов, Медет.).
Ол құрыштай тырнағын қайта жазып көріп ежелден келе жатқан шұнақтау қара жиек құлақтың түбін қасып-қасып қойды (Б.Қыдырбекұлы, Ұрының еншісі.).
Әрі пұшықтау, әрі шұнақтау өмірі жылаумен өткендей бет-аузы айғыз-айғыз, бір жамбас самауыр келгенше біраз нәрсенің басы ашылып қалды (Ғ.Мүсірепов, Шұғыла.).