ШЫҢ

lat: SHYŃ

2 зат. муз. Жезден жасалған, дыбысы күшті, қазақтың көне соқпалы музыкалық аспабы.

Шыбын тисе шың қаққан,

Шертіп қалса зың қаққан

Шарт үзіліп сынар деп,

Сары желіммен сырлатқан,

Тиген жерін қиратқан,

Әзіз ханның Ақболат,

Оң қолына алады,

Шабар жерін біле алмай,

Шатынады, жанады (Манас).

Сол сәтте керней тартылып, дабыл соғылып, шың қағылған. Сапта тұрған орыс аламандары бар дауыспен айқайлап, қошемет көрсеткен. Қарама-қарсы жүрген екі топ өзара жақындай бере, шылбыр бойы шамада тоқтағанда ың-жың да сап басылады (М.Мағауин, Аласапыран).

Он сандайын оймауыт,

Барабан соғып,шың қағып,

Алдымнан әскер жүргізіп

Бұйым болды бұ да деп

Аллалап батыр шабады (Батырлар жыры).