ШЫҒУ

lat: SHYǴÝ

Шық етістігінің қимыл атауы.

1. Мүшеліктен, жұмыстан босану.

Со жаққа көшеміз деп, колхоздан шығуға арызын да беріп қойды (М.Гумеров, Хазірет.).

2. Көтерілу, жоғарылау.

– Менің трибунаға шығуым кейбіреулердің ішіне өрт боп тиіп отырғанын білемін (Д.Әбілов, Арман.).

3. Бару, аттану.

Сол жаққа терең бұрғылаумен шығуға мұрындық болғаным да сондықтан (Р.Өтесінов, Алыптың ашылуы.).