lat: SHYǴARMA
зат.1. Белгілі бір автордың ойдан шығарып жазған әдеби, ғылыми т.б. туындысы.
Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты – шығарма сөз, ол аты қысқартылып, көбінесе шығарма деп айтылады (А.Байтұрсынов, Шығ.).
2. Мектеп оқушыларының әдебиеттен алған білімін жетілдіру үшін мұғалімдерінің бағыттауымен сыныпта, үйде жазған өзіндік еңбегі. Оныншы кластың ортан беліне келген кезіміз.
Бір күні әдебиеттен беретін мұғаліміміз: «Өзің жайлы, өмір жайлы толғап көр» – деген шығарма тақырыбын ұсынды (Е.Әкімқұлов, Қош бол.).
3.әдеб. Мектептегі шығармашылық тапсырманың бір түрі, оқушылардың белгілі бір стильдегі, үлгідегі, композициялық нысандағы мәтін құрастыруы.
Шығарма – мектеп оқушыларының ана тілі мен әдебиет сабақтарында алған білімдері мен машықтарынорнықтыру, байланысқан сөз мәтінін құрау құралы (Қаз. тілі термин. Педагогика).