lat: SHYǴYMDY
сын.1. Шығымы жақсы; өнімді, түсімді (егін).
Бірақ оның аузынан бидайдың шығымды жаңа түрін пайдаланайық деген сөз шықпады (I.Есенберлин, Көлеңке.).
2. Шығуы, көктеуі жақсы.
– Оқа емес, – деді секретарь менің ығыса түскенімді байқап, – биыл егін шығымды да ғой (Абазл жандар.).
3. Жарамды, мықты.
Артына Молдекеңнің бір мінгессең,
Атының байқар едің шығымдысын (Айтыс).
4. Күреңітіп жақсы шығатын (шай).
Магазиннен асығыста алына салған шай шығымды болмаса, қашан ол таусылғанға дейін от басынан күңкіл әңгіме кетпейді (Ә.Сатыбалдиев, Ақмарал).