ШЫҒЫМСЫЗ

lat: SHYǴYMSYZ

сын.1. Нашар көктеген, шығуы төмен болған.

Мысалға алсақ тыңда өткен жылды,

Егінге сусын жетпей дымы құрды;

Комбайн орақтары нуға кірмей,

Шығымсыз таз тегіннің шашын жұлды (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға).

2. Шығымы нашар, өнімсіз.

Шығымсыз жылы астық Ыбыш сияқты жанды-жақты үйдің бірер ай талғажау етуіне жетпейтін (С.Шаймерденов, Сыбызғы.).