lat: SHYǴYRLY
сын. Шығыры бар, шығыр орнатылған.
Шығырлы дәу сары тегене қымыз құйылып, ай мүйіз ожаумен сапырыла бастаған шақта, Дарқан мырзаның өзі де бой көрсетті (Ә.Көшімов, Қысталаң.).
Мал қорасына жақын шығырлы құдық, одан әрі бақшасы басталады («Қаз. әдеб.»).
«Бар құрал-сайманның: болат сына, темір сүймен, екі жүзді қайла, үшкір күрек, шығырлы шана» деп жазып еді (Д.Айдаров, Дәуір және дәстүр.).