lat: SHYǴYRSHYQ
зат.1.Екі басы дөңгеленіп келіп, бір жерден түйіскен, ортасы ашық, кішірек келген жұмыр темір.
Тани кетті Ақбілек: етегін кірмен зерлеген, төбесін үкі сәндеген басында найза ақ тақия; қолында шаңкіш асасы: асасының өн бойы шығыршық, кебшік, сылдырмақ; үші қозы жауырын, мойнында жұмыр тәсбісі; танауы таңқиған, омырауы аңқиған, кеңірдегі сорайған, жіліншегі сидиған, саусақтары шибиған, үркек малша оқшиған, бес тал сақалы шоқшиған, шынжау етті, шың бетті, жағына пышақ жанитын, бір көргеннен танитын – Іскендір екен кәдімгі (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).
Шығыршық – ер-тұрмандағы дөңгелек теміртек бөлшектер (сулық, айылбас, доғабас).Шығыршықта айналған ақ тиындай (М.Мақатаев,).
2.қолөнер. Екі басы ішке қарай иілген өрнектің түрі.
Шығыршық– мүйіз өрнегі, екі басы ішіне қарай шұғыл иіліп келген өрнек, «қошқар мүйіздің» бір түрі (С.Қасиманов, Қазақ халқының қолөнері.).
3. Дөңгелекше.
Желбезек сүйектерінен қарап балықтың жасын айыру үшін ол сүйекті ең алдымен қайнаған суға салып, етінен арылтады да, жарыққа ұстап, оның жылдық шығыршықтарын санайды (Т.Телеуғалиев, Балық байлығы.).