ШЫҒЫС

lat: SHYǴYS

зат. Егіннің шығымы, түсім.

Бұлар шөптің шығысы, қардың жауысына қарай қойылған аттар ғой (Т.Жақыпбайұлы, Асан.).

Биылғы егіннің шығысы ғажап (М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы).

Егістің шығысымен санассақ екі жүз адам, он комбайн, отыз астық таситын машина жеткілікті… (І.Есенберлин, Көлеңкеңмен қорғай жүр..).