ШЫМ

lat: SHYM

1 зат. 1. Жердің жылдар бойы шөп тамырлары тұтасып өскен құйқалы қабаты.

Алты өгіз жеккен дода сақал қара кісі жер қыртысын таспаша тіліп, қара шымды төңкеріп барады (Ғ.Мұстафин, Шығ. жин.).

2. Қора-қопсы қабырғасын тұрғызуға, арық суын бекітуге, жүйектерге су таратуға пайдалану үшін күрекпен, кетпенмен жерден ойып алынған шым кесегі.

Үш тонналық машина Тұр қасында жүк күтіп, Темірбек оған асыға Жатыр шымды ытқытып (Т.Жароков, Қырда.).

Үсті шым, асты шұқыр, жерден жырған

Баспана мекенінің сиқы тұрған (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Шым қабырғадан, төбедегі сирек салынған сырғауылдың арасынан сорғалаған су (М.Жұмабаев, Шығ.).