ШЫМШЫҚ

lat: SHYMSHYQ

зат.1. Үлкендігі торғайдай, сұр, көк, қоңыр түсті, ерте көктемде келетін жыл құсы.

Бауақша, орман зиянкестерімен күресте шымшық тәулігіне алты мыңдай ұсақ жәндіктерді ұстап, қорек етеді екен (X.Қыдырбаев, Қазақст. хайуанат.). 

2. а у ы с. Қолдағы “құс”, икемге келіп тұрған қыз.

Аспандағы аққуға қол созып жүргенде, қолыңдағы шымшығың ұшып кетсе, құр алақан қалды деген сол… (Ж.Өмірбеков, Тастүйін.).