lat: SHYNTAQ
1 зат. 1. Қолдың қар сүйегі мен білек сүйегінің түйіскен сырт жағы.
Шыңғыс жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп, екі шынтағын терезенің алдында салып, иегін қолдарының үстіне қойып Абай отыр (М.Әуезов, Шығ.).
Ал бұл өзі кеш бойы:
– Әй, сен тыныш отыр. Менің айтайын дегенім! – деп шынтағынан ұстап, талай басып тастаған көршісі, сидиған қара жігіт министр болып шықты (Ә.Тарази, Тас жарған).
Жалғыз өзі тізесін көтеріп, шынтағымен тізесін таянып, ойланады, уайымдайды, анда-санда қамығып, күрсініп қояды (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Адамның ұрпағы да бірдей емес,
Адамның шынтағы да бердей емес (Маржан сөз).
2. Киім жеңінің шынтақ тұсы.
Таңертең бүтін киімнің кешке тізе, шынтағы жыртылып қайтады («Жұлдыз»).
Көйлек шынтағынан тозады (Мақалнама).
3. Ертеректе Орта Азия мен Қазақстанда кең тараған ұзындық өлшемдерінің бірі, қолдың ортаңғы саусақтарының ұшынан бастап, шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық. Сейсемді Бейсембіге ауған шығар, Сәрсенбіде сәт болып бұрған шығар. Қан болса шынтағынан екі қолын. Әж төрең тойыма бие сояр (Батырлар жыры).
4. жерг. Кернейдің иіні.
Түтін шынтақтан шығып жатыр, шынтағын балшықпен майлап таста (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).
5. жерг. Жеңсіз қамзолдың бір түрі.