ШЫНЫЛАУ

lat: SHYNYLAÝ

Шыныла етістігінің қимыл атауы.

1. Шыны салу, әйнектеу. Котельныйды монтаждау, корпустың төбесін жабу, оны шынылау және тағы басқа шұғыл атқарылар істер бар («Соц. Қаз.»).

2. кен. Шыны тәрізді күйге көшіру [Шынылау процесі шартты түрде: силикат түзілу, шыны түзілу, қыздыру, гомогендеу (біртекті құрылым алу) және салқындату кезеңдерінен тұрады. Балқытудан кейін түзілген шынымасса тұтқыр болғанға дейін (қалыптауға мүмкіндік беретін температураға дейін) суытылады. Суытылған шынымассадан белгілі бір пішіні бар бұйым алу ушін қалыптау процесі (илемдеу, жаншу, нығыздау, нығыздап үрлеу, үрлеу т.б.) жүргізіледі. Суыту кезінде шыны массаның тұтқырлығы тез жоғарылайды және осы температура аралығында шынымассаның шынылануы аяқталады, былайша айтқанда, шынымасса шыныға айналады].