lat: SHYNYQTYRÝ
Шынықтыр етістігінің қимыл атауы.1. Денені шынықтырумен айналысу.
Қазір, апа, курорттамын. Аяқ жасату үшін кесілген сүйектерді шынықтыруға балшыққа түсіп жатырмын (Ғ.Мүсірепов, Кездеспей кет.). Ұзақ өмір сүрудің бір шарты организмді шынықтыру болып табылады (С.Жұмабаев, Ұзақ өмір.). Денені суыққа шынықтыру сау, ауру адамның қайсысына болса да пайдалы (Ш.Көшербаев, Туберкулез).
2. т е х н. Қыздырылған материалды баяу салқындату кезінде пайда болатын қажетсіз процестерді болдырмау немесе қыздырылған материалды күрт салқындату арқылы оның жоғары температурадағы күйін сақтауды жүзеге асыру үшін жүргізілетін термиялық өңдеу (ҚСЭ).
3. м а ш. 1) Аустенит толық немесе жартылай мартенситке немесе бейнитке түрленуін қамтамасыз ететін жағдайларда аустениттеуге және кейіннен салқындатуға негізделген термиялық өңдеу; 2) Аустениттенуден және алынған аустенитті толық немесе жарым-жартылай мартенситке бәлкім бейнитке айналдыруды қамтамасыз ететін жағдайда суытудан тұратын термиялық өңдеу.